• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Руханият 10 Қараша, 2019

Солтүстік Қазақстанның домбырашылар ансамблі халықаралық байқауда Гран при жеңіп алды

433 рет
көрсетілді

Ширек ғасырдан бері өнерсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленіп келе жатқан “Күдер” домбырашылар ансамблі талай рет республикалық, аймақтық жарыстарда топ жарып жүр. 

Ал бұл жолғы марапаттың орны бөлек. Жуырда Дубайда өткен Jumeirah sounds атты ІІІ халықаралық жастар байқауына қатысып, екі жүлдеге ие болды.

Қара домбыраның құлағында ойнаған өнер колледжінің студенттері «Салтанат», «Талас», «Ирең» күйлерін тамылжыта орындап беріп, шетелдіктердің үлкен қошеметіне бөленді. Сөйтіп, көрермендерді күй құдіретіне еріксіз бас идірді.

Қазақстаннан бөлек, Франция, Онтүстік Корея, Германия секілді іргелі елдер қатысқан бәсекеде Расул Өмірзақ суырылып шығып, Гран приді қанжығаға байлады. Ал Камила Мақпоз қос кезеңде де қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, бірінші орынды иеленді.

«Алда тағы бір халықаралық байқау күтіп тұр. Ол Францияда өтеді» дейді “Күдер” ансамблінің жетекшісі, ҚР мәдениет қайраткері Тойкен Күдерова.

 

Солтүстік Қазақстан облысы